Ссылки доступа

Еуропаның оңтүстігінде заңсыз мигранттар әлдеқайда көбейген


Мигранттар Лампедуза аралына түсіп жатыр (2020 жылғы 24 шілде).

Италия билігі заңсыз иммиграция өсіп бара жатқандықтан төтенже жағдай жариялауға мәжбүр болды.

2023 жыл басталғалы бері Италияға теңізбен 30 мыңнан астам адам келген. Бұл бір жыл бұрынғыдан төрт есе артық көрсеткіш. Кейінгі үш күнде ғана жағалау күзеті мен құтқарушылар теңізден 3 мыңнан аса заңсыз мигрантты құрлыққа жеткізді.

Италия үкіметіндегі дереккөздің айтуынша, мигранттар негізінен Лампедуза, Сицилия порттарына ағылады. Елдің оңтүстігіндегі аудандар мигранттар көшін тоқтата алмай отыр.

Италия билігі наурыздың басында заңсыз көшті ұйымдастырушылар 30 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін ескерткен.

БҰҰ босқындар ісі жөніндегі ұйым дерегінше, 2014 жылы Жерорта теңізін түрлі қайықтармен 218 мың мигрант кесіп өткен, шамамен 3500 адам суға батқан.

2015 жылғы сәуірде аралға шамамен 100 шақырым қалғанда бір қайық суға кетті. Оның ішінде 700-950 заңсыз мигрант болған. Апаттан 28 адам ғана тірі қалды.

XS
SM
MD
LG