Адам құқықтары бойынша халықаралық әріптестік (IPHR), Азаптауға қарсы Тәжікстанның азаматтық коалициясы, Адам құқықтары бойынша Хельсинки қоры (HFHR), Норвегиялық Хельсинки комитеті (NHC), Адам құқықтары бойынша халықаралық федерация (FIDH) және Азаптауға қарсы дүниежүзілік ұйымның (OMCT) бірлескен мәлімдемесі 28 мамырда, Холикназаровтың түрмеде отырғанына екі жыл толу қарсаңында жариялады.
"Манучехр құқықтары бұзылған адамдарды қорғаудағы қажымас әрекеті үшін түрмеде отыр. Ол бостандыққа шығып, отбасына оралмайынша, біз бұл әділетсіз үкім мен күресті тоқтатпаймыз", - деді IPHR директоры Брижит Дафур.
Памир заңгерлері ассоциациясы басшысы Манучехр Холикназаров 2022 жылдың мамыр айында Таулы Бадахшан автоном аймағындағы наразылық акцияларынан және ондағы қауіпсіздік операциясынан кейін қамауға алынды. Ол тыйым салынған ұйымдармен қызметтесті деген айыппен 16 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тәжікстанның бас прокуратурасы 2022 жылдың мамыр айында жүргізген операция кезінде "қылмыстық топтың" 29 өкілі жойылды деп мәлімдеген. Озоди радиосы Таулы Бадахшанда 34 адамның өлтірілгенін анықтаған.
Онда ондаған белсенділер ұсталып, ұзақ мерзімге түрме жазасына кесілген.