Тәжімұратовтың анасы тамыздың басында Навои қаласында орналасқан тәртібі қатаң колонияға барып, осында отырған ұлымен жолыққан. Құқық қорғаушылардың хабарлауынша, колонияда белсенді 150 жазасын өтеушімен бір барақта тұрады. Оларға жағдай жасалмаған. Колонияда таза су жоқ.
Тәжімұратовтың анасының айтуынша, бір айдың ішінде оның ұлы шамамен 10 келіге азған. Белсенді әрең қимыодайды. Анасымен кездескен үш күнде дұрыстап тамақ іше алмаған. Қайта-қайта құсып тастайды. Оның денсаулығының сыр беруі колониядағы қара жұмысқа байланысты болуы мүмкін.
Тәжімұратов әк өндіретін цехта жұмыс істейді. Оларға қауіпсіз киім берілмеген. Белсендінің аяғына, қолы мен ерніне жара шыққан. Құқық қорғаушылар Тәжімұратовқа медициналық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.
2022 жылы Қарақалпақстандағы наразылықтан кейін Дәулетмұрат Тәжімұратовқа бірнеше айып тағылып, сот оны кінәлі деп тапты. Ол «билікті басып алу немесе Өзбекстан конституциялық құрылымын бұзу үшін сөз байласты», «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айыптармен 16 жылға сотталды.
Қамауда отырған қарақалпақ белсендісі Тәжімұратовтың денсаулығы сыр берді
Қамауда отырған қарақалпақ белсендісі Дәулетмұрат Тәжімұратовтың денсаулығы сыр берді. Бұл туралы «Еркін Еуразия» құқық қорғау ұйымы хабарлады.