Мәліметке қарағанда, оқиға 8 шілдеде болған. Ауған-тәжік шекарасындағы "Дараи Об" өткерме бекетінің қызметкері Муминзоданың әйелінен құжаттарын көрсетуін сұраған. Сол кезде сот төрағасы шекарашыны бірнеше рет ұрып жіберген.
Судьялар қол сұғылмаушылық мәртебесіне ие болғандықтан, бұл оқиға бойынша Жоғарғы сот ішкі тексеру жұмысын жүргізіп жатыр. Оның нәтижесінде Муминзоданың кінәсі дәлелденсе, оны қызметінен алу үшін тиісті мәліметтер президентке жіберіледі.
Шекарашыны сабау сәті видеоға түсіп қалған. Онда Зохир Муминзода көлігінен шығып, жауынгерге бірнеше рет қол көтерген.
Бұл ісі прокуратураға да жіберілуі мүмкін екені айтылады.