Мұндай қадамға Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы саясаткерлердің Газа секторындағы жағдайға қатысты консенсусқа келе алмағаны түрткі болды деп айтылады.
Аббас Штайенің қызметтен кетуін мақұлдады. Жаңа үкімет құрылғанға дейін премьер-министр қызметі оған жүктелді.
Штайе "Батыс жағалау мен Иерусалимдегі жағдайдың шиеленісуіне, Газа секторындағы геноцид пен аштыққа байланысты" осындай шешім қабылдағанын айтты. Оның сөзін "Әл-Жазира" агенттігі берді.
Халықаралық БАҚ бұл жайт Палестина әкімшілігіне АҚШ пен халықаралық қауымдастықтан қысым күшейіп жатқан сәтте болғанын жазды.