Тиісті жарлық елдің ресми бюллетендер сайтына жарияланды.
Құжатта Федералдық барлау агенттігі нәтижесіз істегені және елдегі демократиялық институттарға қысым жасалғаны айтылған.
"Барлау органы көптеген сот процесстері мен жанжалдарға араласып, елдегі заңсыз операцияларға айыпталған", – деп жазды La Nation газеті.
Милейдің әкімшілігі хабарлағандай, Федералды барлау агенттігінде жүргізілген аудит елді қорғаумен емес, оппозицияны аңду және ықпал етумен айналысып жүргенін анықтаған.
Милей қол қойған жарлықта елдің барлау саласының соңғы 30 жылдағы кемшіліктері айтылған. Олардың арасында 1994 жылы болған Буэнос-Айрестегі жарылыс (85 адам қаза тапқан), 2015 жылы бас прокурор Альберто Нисманның өлтірілуі және 2022 жылдағы экс-президент Кристин Киршнерге жасалған шабуыл бар.
Елдің барлау қызметі 2015 жылы да реформаланған. Онда барлау қызметі жойылып, Федералдық барлау агенттігі құрылған.