Ссылки доступа

Макрон үкімет отставкасын қабылдады


Габриэль Атталь
Габриэль Атталь

Франция президенті Эммануэл Макрон премьер-министр Габриэл Аттал үкіметінің отставкасын қабылдады. Енді министрлер кабинеті жаңа үкімет тағайындалғанға дейін техникалық ғана функцияларын атқарып тұрады.

AFP агенттігі хабарлағандай, француз саясаткерлері шілденің басында мерзімінен бұрын өткен парламент сайлауынан кейін тығырыққа тірелді.

Францияда 7 шілдеде өткен парламент сайлауының екінші турының нәтижесінде президентті жақтаған, негізін Макрон мен Атталдың партиясы құратын "Республика үшін бірге" коалициясы екінші орынды иеленіп, парламенттегі 168 орынды алған.

Бірінші орынды парламенттегі 182 орынға ие болған солшыл партиялардың "Жаңа халықтық майдан" коалициясы, үшінші 143 орынға ие болған оңшыл "Ұлттық бірлестік" партиясы алған.

Францияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы шілде айының басында өткен Еуропарламентке сайлауда оңшылдардың жеңісінен кейін болды.

Макрон Атталға шілде айының соңында басталатын Олимпиада ойындары аяқталғанша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін үкіметте қала тұруды сұраған.

XS
SM
MD
LG