Ссылки доступа

Швейцария президенті: 90-ға жуық ел "бейбітшілік саммитіне" қатысады


Швейцарияда осы аптаның соңында өтетін Украина бойынша бейбітшілік саммитіне 90-ға жуық ел және ұйым қатысатынын ел президенті Виола Амхерд мәлімдеді.

"Бұл насихат емес. Бұл гуманитарлық жәрдем бойынша Швейцария құрып беріп жатқан негіз... Диалогтың бастауы", - деді Амхерд.

Ресей шақырылған жоқ. Украина бұл елдің қатысуы бейбітшілікке қарай ұмтылған жолдағы прогресске тосқауыл қояды деген.

Украинадағы соғысты тоқтату жолдары талқыланатын саммит 15-16 маусымда Бюргенштокта (Швейцария) өтпек. Бұдан бөлек, саммитте ядролық және азық-түлік қауіпсіздігі, әскери тұтқындарды босату және Киев тарапы Ресей заңсыз әкетті деп айтқан украин балаларын үйіне қайтару мәселесі талқыланбақ.

Қытай, Сауд Арабиясы саммитке қатысудан бас тартты. Ресейді саммитке шақырмаған. Орталық Азия елдерінен Қырғызстан Украинаның "бейбітшілік саммитіне" қатыспайтынын хабарлаған.

Швейцарияда өтетін саммитке қатысушылар Зеленский ұсынған "бейбітшілік формуласы" мен басқа да мәселелерді талқылайды.

Швейцария сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, саммитке 160-тан астам делегация шақырылған.

XS
SM
MD
LG