Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ирландия, Испания және Норвегия мамырдың аяғына дейін Палестина мемлекетін мойындайтынын жария еткеннен кейін президент осындай мәлімдеме жасаған.
Соған қарағанда, Вашингтон еуропалық үш елдің шын мәнінде жоқ мемлекеттік біржақты танығысы келетініне алаңдайтын сияқты, деп атап өтті Reuters агенттігі.
Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан журналистерге арналған брифинг өткізіп, әр ел Палестина мемлекетін тану туралы шешімді өз бетімен қабылдауға құқылы. Алайда президент тараптардың тікелей келіссөздері нәтижесі болар еді деп есептейді.
2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС қарулы тобы Израиль аумағына шабуылдап, 1200 адамды өлтірген, 253 адамды тұтқынға алған. Кепілге алынған жүзден астам адамның тағдыры әлі күнге дейін белгісіз.
Осы шабуылдан кейін Израиль Газа секторы ауағында ауқымды әскери операция бастады. Палестина Израиль шабуылдары салдарынан 35 мың палестиналық қаза болды деп хабарлады.
Құрама Штаттар ондаған жылдар бойы «екі халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде бейбіт шешімге жете алмады.
Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін БҰҰ-ға мүше 193 елдің 146-сы таныған. Олардың арасында Қытай мен Ресй де бар. Израиль, АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германия секілді елдер оны тәуелсіз ел деп мойындаған жоқ.