Мәліметтерге қарағанда, 2023 жылы Ресей еңбек нарығында 3,5 мыңға жуық еңбек мигранты болған. Бұл 2019 жылғыдан шамамен 1 миллионға төмен көрсеткіш.
Коронавирус шектеулері алынған соң еңбек күштері Ресейге ағылуы керек еді. 2022 жылы Ресейге келгендер көбейген, алайда індетке дейінгі көрсеткіштен 15 пайызға кем болған.
Зерттеу авторлары Украинадағы соғыстың көші-қонға ықпалы туралы ештеңе жазбаған. Алайда 2022 жылы еңбек мигранттарының Ресейден кету көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 128% жоғары болған.
2023 жылы Ресейге кірген еңбек мигранттарының 87 пайызы Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан келген. Олардың дені Мәскеу, Санкт-Петербург, сонымен бірге Мәскеу және Ленинград облыстарында тіркелген.
Орталық Азия елдеріндегі еңбек мигранттарының Ресейге келуінің азаюына жергілікті биліктің шетел азаматтарын Украинадағы соғыста тарту бастамасы да әсер етуі мүмкін. Күш құрылымдары Ресей азаматтығы бар мигранттарды ұстап, әскери тіркеуге тұрғызып жатыр. Былтыр желтоқсанда Ресей азаматтығын алып, әскери есепке тұрудан жалтарғандарды азаматтықтан айыра бастағаны мәлім болды.