Ссылки доступа

Ресейде құқық қорғаушы Иззат Амонның көмекшісі жоғалып кетті 


Холов оң жақта 

Қазір Тәжікстанда түрмеде отырған құқық қорғаушы Иззат Амонның Ресейдегі көмекшісі Эмомали Холов із-түссіз жоғалып кеткен. Ол 30 маусымда Курск облысындағы тергеу абақтысынан шыққан. 

Бұл жөнінде Холовтың туыстары Озоди радиосына хабарлады. Иззат Амон Мәскеудегі мигранттарға көмектесетін "Тоджикон" орталығын басқарған. Ол Ресейде тұрған кезінде тәжік үкіметін ашық сынап келген. Былтыр ол Тәжікстанға депортацияланып, үстінен қылмыстық іс қозғалып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылған.

30 жастағы Эмомали Холов Иззат Амонның орталығында ерікті болып жұмыс істеп келген.

"Тоджикон" орталығының бұрынғы қызметкері Сухроб Жахон Эмомали Холовтың да Тәжікстанға депортациялануы мүмкін екенін айтады. Адвокаты да осылай деген.

Эмомали Холов 26 мамырда Курск облысында ұсталған. Ресей тарапы оны Тәжікстанның сұрауымен ұстағанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG