Адвокаттың айтуынша, ол тиісті талапты қойып жатқан 11 адамның мүддесін қорғайды. Олардың арасында "Пикник" тобының концертін түсіруі керек болған команда басшысы, сонымен бірге арасында терактіден қаза болғандардың туыстары да бар.
"РИА Новости" агенттігі хабарлағандай, арызда ғимаратта өртке қарсы және түтінді сорып алатын жүйе істемегені жазылған.
Трунов куәгерлердің сөздеріне сілтеме жасап, теракт болған ғимаратта көптеген эвакуациялық есіктер жабық болғанын айтқан.
"Крокус Сити Холл" орталығына Crocus Group компаниясы иелік етеді. Ол кәсіпкер Араз Агаларовқа тиесілі.