Ссылки доступа

Путин Еуропаға газ жеткізуді қысқартатынын мәлімдеді 


Ресей шілде айында "Солтүстік ағын" құбыр желісі бойынша Еуропаға газ жеткізуді қысқартуы мүмкін. Осылай деп Владимир Путин Тегеранда саммит кезінде мәлімдеді. 

Мұны өтеу үшін "Солтүстік ағын-2" құбыр желісін қайта іске қосуы керек деді Путин. Еуропа бұл жобаны Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін тоқтатып тастаған.

Путиннің сөзінше, келесі аптада "Газпром" компаниясы газ айдайтын агрегатқа жөндеу жұмыстарын бастайды. Бұл газды тәулігіне 30 млн текше метрге дейін төмендетеді.

Соғыс басталғаннан бері “Газпром” газ айдауды 167 млн текше метрден 100 млн текше метрге дейін азайтқан. Кейін 67 млн текше метрге түсірді. Осыдан кейін жөндеу жұмыстарына жабылды. Газ айдау процесін 21 шілдеде қайта қосуы керек болған.

XS
SM
MD
LG