Ссылки доступа

Путин: "Біздің үлесімізге аумақты қайтарып, бекіту бұйырды" 


Ресей президенті Владимир Путин 
Ресей президенті Владимир Путин 

Ресей президенті Владимир Путин бейсенбі күні жас кәсіпкерлермен кездесу кезінде орыс императоры Бірінші Пётр 1700–1721 жылдары жүрген Солтүстік соғыс кезінде Швеция аумағын тартып алған жоқ, "қайтарды" әрі "бекітті".   

"Біздің үлесімізге де аумақты қайтарып, бекіту бұйырды" деді Путин.

Путиннің сөзінше, Бірінші Петр басып алған жерлерде о бастан славян халқы тұрған. Бұл жерлер әрқашан орыс мемлекетінің бақылауында болған. Президент сонымен бірге Санкт-Петербург қаласы жайлы да айтып, бұл жерді Еуропа елдері Ресей аумағы деп танымаған деді.

Украинаның Херсон және Запорожский облыстарына басшылыққа Ресей өз адамдарын тағайындағаннан кейін, бұл аймақтарда Ресей құрамына кіру жөнінде референдум болатыны айтылды.

Қазір Ресей Херсон облысы мен Запорожский облысының басым аймағын бақылауына алған. Ал Запорожье қаласының өзі Украина бақылауында.

Бұл күндері Ресей Бірінші Петрдің туғанына 350 жылдығын атап өтіп жатыр. Тарихшылар оны орыс мемлекетін нығайтқан ең қатал патша ретінде бағалайды. Ол 1721 жылы Швецияға тиесілі балтық аймақтарын Ресейге қосып алған.

Бұл қазіргі Эстония және Латвия аумағының жерлері.

24 ақпанда Ресей "денацификация" және "демилитаризация" жүргіземіз деп Украина аумағына басып кірді. Осыдан кейін Батыс елдері және АҚШ Мәскеуге өте қатал санкциялар салды.

2014 жылы Ресей Қырымды басып алды. Кейін Ресейдің ықпалына көшкеннен кейін, Украинадан тәуелсіздік алғанын жариялады. Бірақ Украина мұны мойындамай келеді. Ешбір мемлекет мойындамады.

XS
SM
MD
LG