Ссылки доступа

Владимир Путин "жыныс алмастыруға" тыйым салатын заңға қол қойды 


Ресей президенті Владимир Путин елінде жынысты алмастыруға тыйым салатын заңға қол қойды. Құжат құқықтық мәліметтер ресми порталында жарияланды. 

Құжатқа сәйкес, Ресейде трансгендерлікке өту кезеңінде операция және гормоналдық терапияға тыйым салынады. Тек туа біткен физиологиялық ауытқуларды емдеуге ғана рұқсат беріледі.

Заң гендерлік маркерді алмастыруға тыйым салады, бұл - шетелдерде де операция жасатуға болмайды дегенді білдіреді. Заң күшіне енгеннен бастап трансгендерлерге бала асырап алуға тыйым салынады. Ерлі-зайыптылардың бірі жынысын ауыстырса, некелері жойылады.

Заң жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Ресей былтыр желтоқсаннан бері гомосексуал, бисексуал және трансгендерлер жөнінде ақпарат жариялаға тыйым салған. Бұл үшін 400 мың рубль көлемінде айыппұл салынады.

XS
SM
MD
LG