Ссылки доступа

Путин Украина шығысы мен оңтүстігіндегі аймақтарды аннексиялау туралы заңға қол қойды


Президент России Владимир Путин

5 қазанда Ресей президенті Владимир Путин орыс күштерінің Украинада жаулап алған Донецк, Запорожье, Луганск облыстарын және Николаев пен Херсон облыстарының бір бөлігін Ресей құрамына қосу туралы келісімге қол қойды.

Ол сонымен бірге Ресей құрамына төрт жаңа субъектіні қабылдау туралы конституциялық заңдарға қол қойды.

Осыған дейін федерация кеңесі Украинаның бес аймағын Ресей құрамына қосуды ратификациялаған. Украина аумағын аннексиялауды барлық палата мүшелерінің басым бөлігі: 170 депутаттың 153-і қолдаған.

Ресей билігі Украинада жаулап алған және сепаратистер бақылауындағы аумақта 23-27 қыркүйекте өткізген референдумды алға тартып, аталған аумақтарды аннексиялауын сонымен түсіндіреді. Украина мен көптеген ел оны псевдореферендум деп атап, оның халықаралық нормалар мен Украина заңнамасына қайшы екенін, сәйкесінше нәтижесін де мойындамайтынын мәлімдеген.

Мәскеу "аннексиялап алдық" дейтін Украина территорияның едәуір бөлігін бақыламайды. Киев ол жақта контршабуылдың сәтті жүргізіліп жатқанын хабарлап, оларды азат етуге күш салып жатыр.

Жуырда Украина президенті Владимир Зеленский Украина аймақтары туралы Путин жарлығын маңызсыз деп тануды талап еткен жарлыққа қол қойған. Құжатта аннексияланған облыстар ғана емес, Қырым да атап өтіледі.

XS
SM
MD
LG