Ресейдің Қырғызстандағы бұрынғы елшісі Николай Удовиченконың елшілік миссиясы аяқталғаны хабарланды. Ол 2019 жылдан бері елші болып істеген.
Сергей Вакунов осыған дейін Ресей президенті басқармасында шетелдер мен аймақаралық және мәдени байланыстар бойынша референт қызметін атқарған.
Ресей - Қырғызстанның басты стратегиялық әріптесі. Екі ел ТМД, Ұжымдық келісім шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразия экономикалық одағы секілді бірқатар ұйымдарға мүше.