Ссылки доступа

Путин Мишустинді премьер-министр қызметінде қалдыруды ұсынды


Михаил Мишустин
Михаил Мишустин

Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік дума депутаттарына Михаил Мишустинді премьер-министр қызметінде қалдыруды ұсынды. Бұл туралы дума спикері Вячеслав Володин хабарлады.

Оның айтуынша, үкімет басшысын тағайындау жөніндегі жиналыс 10 мамырда өтеді. Отырыста Мишунтин баяндама жасайды, одан соң депутаттар дауысқа салады.

«Демограциялық саясат, халықтың әл-аухатын жақсарту, балалы отбасыларды қолдау, жастар саясатын жүзеге асыру, технологиялық тәуелділікті нығайту, аймақ экономикасын жақсарту, елдің қорғаныс әлеуметін күшейту сынды президент Путин анықтаған міндеттер үміткерді дауысқа салу кезінде талқылануы керек» дейді Володин.

Михаил Мишустин премьер-министр қызметіне 2020 жылғы қаңтарда тағайындалған.

7 мамырда Владимир Путин бесінші мәрте Ресей президенті қызметін атқаруға кірісті. Премьер-министр осы қызметке тағайындалғаннан кейін кем дегенде бір аптаның ішінде үкіметтің жаңа құрамын ұсынуы тиіс.

XS
SM
MD
LG