Ссылки доступа

Путин Өзбекстанға барды (видео)


Ресей президенті Владимир Путин мамырдың басындағы инаугурациясынан кейінгі екінші мемлекетік сапары аясында Өзбекстанға барды. Ташкент әуежайынан оны Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияевтің өзі тосып алды.

Халықаралық зерттеушілер Өзбекстан санкцияға ілінген тауарларды Ресейге реэкспорт жасап жатқан негізгі елдердің бірі екенін айтып келеді. Ресейдің монополиялық "Газпром" компаниясы 2023 жылдан бастап Өзбекстанға газ жеткізе бастаған.

Мәскеу Ташкенттің негізгі сауда әріптесі болып қалды. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей Қытайдан кейінгі екінші орында тұрады.

Путин мен Мирзияев соңғы рет 9 мамырда Мәскеуде кездескен.

Мирзияев Қызыл алаңда биыл болған әскери парадқа Орталық Азия елдері басшыларымен бірге қатысқан.

XS
SM
MD
LG