Ссылки доступа

Путин Украинадағы жаңа нысандарға соққы берілуі мүмкін екенін ескертті  


HIMARS жүйесі 

Ресей президенті Владимир Путин егер Батыс елдері Киевті  алыс қашықтыққа соққы беретін зымырандармен қамтамасыз ететін болса, орыс күштері Украинадағы "бұрын соққы берілмеген нысандарға" шабуыл жасайтынын ескертті. 

Путин сұқбатының үзіндісін "Россия-1" телеканалы 5 маусымда жариялады. Бірақ онда Путин Украинаның қай аймақтарына соққы беретінін нақты айтпады.

Ол АҚШ-тың Украинаға беріп жатқан қару-жарақтары ешнәрсені өзгертпейтінін, керісінше соғысты одан сайын ұзартады деген ойын жеткізді.

Өткен аптада АҚШ президенті Джо Байден Вашингтон HIMARS жоғарғы мобилді артиллериялық зымыран системасын Киевке беруді мақұлдап, украин билігі бұл құралды Ресей аймағына соққы беру үшін қолданбаймыз деген уәдесін алғанын жариялаған.

5 маусымда Испанияның El Pais газеті жазғандай, ресми Мадрид те Киевке ұшақтарға қарсы зымырандарды және "Леопард" атты танктерді беруге келіскен.

Ресей 24 ақпанда Украинаға басып кіргелі бері он мыңдаған адамның өмірі қиылып, миллиондаған адам босқынға айналды. Мәскеу Украинада қайтыс болған жауынгерлері туралы мәлімет бермей келеді.

XS
SM
MD
LG