Ссылки доступа

Путин Луганск облысын басып алғаннан кейін "арнайы операцияны" жалғастыруды бұйырды 


Кремль Луганск облысын бақылау толық олардың қолына өткенін жариялағаннан кейін Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығысына шабуылды жалғастыруға бұйрық берді.  

Ол орыс әскері осыған дейінгі қойылған жоспарды жүзеге асыруға міндетті екенін, Луганск облысын қалай басып алса, осындай қимылды әрі қарай жалғастыруы керек екенін бұйырған.

Украин армиясы Луганск облысының Лисичанск қаласында бақылап тұрған позициясынан шегінгенін 3 шілдеде өлкенің Қарулы күштерінің Бас штабы мәлімдеген. Мәлімдемеде айтылғандай, мұндай шешім “оккупациялық әскерлердің артиллерия, авиация, реактивті жүйелер, оқ-дәрі және жеке құрам жағынан көбейіп жатқанына байланысты” қабыл алынған.

Лисичанск Украина Луганск облысында бақылап тұрған соңғы қала болған.

XS
SM
MD
LG