Ссылки доступа

Путин: тәліптер - Ресейдің терроризммен күресте одақтасы


Ресейдегі тәліп делегациясы.
Ресейдегі тәліп делегациясы.

Ресей президенті Владимир Путин Ауғанстанда билік жүргізіп жатқан радикал исламшыл "Талибан" қозғалысын терроризмге қарсы күресте Ресейдің одақтасы деп атады.

Бірақ ол қозғалысқа Ресейде ресми түрде тыйым салынғанын, террорлық ұйымдар тізімінде екенін айтпады.

Ресей президенті Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аяқталғаннан кейін журналистердің сауалдарына жауап беріп жатып: "Тәліптердің билікті бақылап отырғанын есепке алуымыз керек, бұл жағынан тәліптер терроризмге қарсы күресте біз үшін одақтастар", - деген.

Биыл мамыр айында Ресейдің сыртқы істер және әділет министрліктері Владимир Путинге Ресейде "Талибан" қозғалысын тыйыи салынған ұйымдардың тізімінен шығару мүмкін екенін білдірген.

Путин о посредниках в переговорах с Украиной
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:52 0:00
XS
SM
MD
LG