Бұл туралы олардың туыстары хабарлады.
Өткен аптада Мәскеу полициясы «Ләззат» тәжік асханасында істеген бес азаматты ұстаған. Олар туыстарына хабарласып, 19 маусымда кешке Мәскеу-Куляб әуе рейсімен Тәжікстанға ұшып келетін айтқан.
Ресей оларды не себепті ұстағаны белгісіз. Оларды көші-қон заңдарын бұзғаны үшін депортациялауы немесе Тәжікстан сұрауымен ұстауы мүмкін.
«20 маусымда таңертең ұшақ қонды, бірақ жолаушылар арасында олар жоқ. Қайда екенін ешкім түсіндірмейді» дейді бес азаматтың бірінің туысы.
Тәжікстан билігі әзірге Язгуломның бес тұрғыны туралы ешқандай мәлімет бермей отыр.
Азаттықтың Тәжік қызметінің мәліметінше, кейінгі бір айда Вандж ауданының 15 шақты азаматы Ресейден Тәжікстанға экстрадицяланған. Дереккөздер мәліметінше, оларға «экстремизм» айыбы тағылған.