Ссылки доступа

Мәскеуде жоғалған бадахшандық блогер Комер Мирзоев Душанбедегі абақтыдан табылды


Комер Мирзоев
Комер Мирзоев

Бірнеше күн бұрын Мәскеуде жоғалған тәжікстандық блогер, Таулы Бадахшан автономиялы облысының тумасы Комер Мирзоев Душанбедегі тергеу изоляторларының бірінде отыр. Бұл туралы Азаттықтың Тәжік қызметі - Озоди радиосына Мирзоевтің туыстары хабарлады.

Олар блогерді Ресейден тәжік арнайы қызметі ұрлап әкеткеніне сенімді. Мирзоевтің ұсталғаны туралы ресми мәлімдеме жасалған жоқ, алайда Озоди радиосының Тәжікстан ішкі істер министрлігіндегі дереккөзі "Мирзоев ұсталғанын" растады. Дереккөз бұдан басқа мәлімет беруден бас тартты.

Таулы Бадахшандағы оқиғалар туралы жазып жүрген журналист Рустами Джони фейсбуктегі парағында Комер Мирзоев Душанбеде Тәжікстан ІІМ Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөіндегі басқармасының тергеу изоляторында отырғанын хабарлады.

Таулы Бадахшан автономиялы облысы тұрғындарының мәселелерін әлеуметтік желілерде жиі көтерген Мирзоев 5 қыркүйекте Мәскеуде ұсталған. Полиция онымен бір пәтерде тұратын адамдарды да ұстап әкеткен.

7 қыркүйекте Мәскеу қаласының Лефортовск ауданаралық прокуратурасы Мирзоевті қамаудан босату туралы қаулы шығарды. Онда Мирзоевті Тәжікстанның Хорог қаласының милициясы "қылмыстық қауым ұйымдастырды, соның жұмысына қатысты" деген күдікпен іздестіргені айтылған. Алайда Тәжікстан жағының дәлелі болмай, прокуратура Мирзоевті қамаудан босатқан.

Блогер босап шыққан соң жоғалып кетті. Оның туыстары Мирзоевтің Тәжікстанға қалай тап болғанын білмейді, оны ұрлап әкеткен болуы керек деп есептейді.

Pamir Daily News интернет-порталының хабарлауынша, кейінгі жарты жылда Ресей астанасында Таулы Бадахшанның жиырма шақты тумасы ұсталып, Тәжікстанға жеткізілген. Душанбе олардың бәрі елге өз еркімен оралды деп отыр.

Халықаралық ұйымдар мен Батыс елдері Тәжікстан билігінің бейбіт акцияларды күшпен басуына алаңдап, Душанбені Таулы Бадахшан автономиялы облысы тұрғындарының басты құқықтары мен еркіндігін сыйлауға шақырды. Тәжік билігі мұндау үндеулерге жауап берген де жоқ.

Как живут родственники убитых после "антитеррористической операции" в Горном Бадахшане
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:41 0:00
XS
SM
MD
LG