Ссылки доступа

Экс-президент Трампқа шабуылдамақ болған Райан Рутқа айып тағылды


Рутқа бұлтартпас шарасын қабылдау жөніндегі сот
Рутқа бұлтартпас шарасын қабылдау жөніндегі сот

АҚШ-та федералдық прокурорлар 58 жастағы Райан Рутқа бұрынғы президент Дональд Трампқа шабуыл жасамақ болды деген айып тақты.

Бұған қоса, Рутқа заңсыз қару сақтады, федералдық қызметкерге шабуылдады деген айыптар тағылған. Бұл туралы ABC News хабарлады.

Күдікті қыркүйектің ортасында ұсталған уақытта Флоридадағы сот оған заңсыз қару сақтады деген айып таққан. Алайда федералдық тергеу бюросы мен басқа да құқық қорғау мекемелері оған Трампқа шабуылдамақ болды деген айып тағылатынын айтқан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Райан Рут экс-президентке шабуылдамақ болғанын мойындаған. Күдікті қалдырған қағазды прокурорлар сотқа көрсеткен.

Рут 15 қыркүйекте Флорида штаты Уэст-Палм-Бичтегі гольф алаңқайында ұсталған. Дональд Трамп осы жерге гольф ойнауға келген. Гольф алаңындағы бұтақтардың арасынан винтовка мен бейнекамера табылған.

XS
SM
MD
LG