Ссылки доступа

АҚШ барлау қызметі: Путин сәуір айында қатерлі ісік ауруынан емделген


Ресей президенті Владимир Путин сәуір айында қатерлі ісік ауруының соңғы сатысын емдеу курсынан өтті. Бұл туралы Newsweek со журналы жоғары лауазымды үш дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Құжатта саясаткерге наурыз айында шабуыл жасалғаны да айтылған.

Басылым мәліметінше, сәуірдің аяғы мен мамырдың ортасына дейін америкалық барлау қызметі Путин қатты ауырды, тіпті өлім аузында жатыр деген мәліметті тексеріп, ортақ тұжырымға келген. Коронавирустан сақтану шарасы оның ауру екенін жасырған болса керек, деп есептейді барлау қызметіндегілер.

Сәуірдің басында "Проект" басылымы 69 жастағы президентке соңғы жылдары лор мен хирург жиі ұшып барып жүргенін хабарлаған. Егде кісілердің қалқанша безіндегі ісікті осы мамандар емдейтіні мәлім.

Путинге шабуыл жасалған болуы мүмкін деген мәліметті мамырдың соңында "Украинская правда" газетіне Украина қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасының басшысы Кирилл Буданов мәлімдеген. Шенеунік бұл шабуыл "шамамен екі ай бұрын" жасалған деп есептейді. Буданов Ресей президентін өлтіру әрекеті "өте сәтсіз" болған деді.

Кремль әдетте президенттің денсаулығы туралы мәлімет таратпайды. Алайда Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Проект" ақпаратын "ойдан құрастырылған" деп атап, президенттің дені сау екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG