Ссылки доступа

Reuters: Мәскеу АҚШ-пен Украинадағы соғысты аяқтау туралы келіссөз жүргізуге талпынды


Құрама Штаттар Ресей президенті Владимир Путиннің Украинадағы соғысты аяқтау туралы ұсынысын талқылаудан бас тартты. Бұл туралы Reuters осы мәселемен таныс ресейлік үш дереккөзге сүйене отырып хабарлады.

Агенттік дереккөздерінің мәліметінше, Кремль Ресей басып алған украин жерлерінен кетпей, соғысты қазіргі майдан шебінде тоқтатуды көздейті. Мәліметтерге қарағанда, 2023 жылы Путин Мәскеудің Таяу Шығыстағы араб әріптестері арқылы Вашингтонға Украинадағы соғысты доғару шарттарын қарағысы келетінін меңзеген.

«Америкалықтармен байланыстар нәтиже бермеді» деген ресейлік бір шенеунік Reuters агенттігіне.

Тағы бір ресейлік дереккөздің айтуынша, АҚШ ортадағы адамдары арқылы Мәскеуге соғысты доғаруды Украинаның қатысуынсыз талқыламайтынын жеткізген, сол себепті келіссөздер нәтижесін аяқталған.

Агенттіктің АҚШ-дағы дереккөзінің мәлімдеуінше, Мәскеу мен Вашингтон осы мәселеге қатысты ресми байланыстар орнатпаған, оның үстіне Құрама Штаттар Украина мүддесін Киевтің қатысуынсыз Ресеймен талқыламайды. Ресей билігі мұндай мәліметке жауап берген жоқ.

Мұндай келіссөздер жүргені бұрын хабарланбаған, деп жазды Reuters. Кремль, Ақ үй, Мемлекеттік департамент, Орталық барлау басқармасы осы мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартқан.

Путиннің өзі Украинада жаулап алынған жерлерден бас тартпайтынын мәлімдеп, Киев пен Батысты бейбіт келіссөздерді үзді деп айыптаған. Украина болса Ресей әскерінің елден толық кеткенін қалайды. Бұған қоса, Украина Путинмен тікелей келіссөз жүргізуге ресми түрде тыйым салған.

XS
SM
MD
LG