Мәліметке қарағанда, коммерциялық жеткізушілерден түскен ақпаратқа сәйкес, еуро және доллар банкноттары БАӘ, Түркия секілді елдерден келген.
Бұдан Ресейдің санкциядан айналып өтіп отырғанын көруге болады деп есептейді Reuters.
Кеден құжаттары 2022 жылдың наурыз айынан 2023 жылдың желтоқсан айын қамтиды. Ал 2021 жылдың қараша айынан 2022 жылдың ақпан айына дейін Ресейге 19 миллиард доллар мен евро түскен.
АҚШ үкіметі Ресейге санкциядан айналып өтуіне көмектесіп жатқан елдерге айыппұл саламыз деп ескерткен.