Ссылки доступа

Өзбек режиссері елдің Кинематография агенттігін цензураға айыптады  


Режиссер Назим Туляходжаев
Режиссер Назим Туляходжаев

Белгілі өзбек кинорежиссері Назим Туляхожаев Өзбекстанның Кинематография агенттігін цензураға айыптады. 

Режиссердің сөзінше, мекеме шенеуніктері 4-15 мамыр күндері Лондонда өткен Азия кинофестивалінен "Жалғыз қайық" деген көркем фильмін шақыртып алған.

"Жалғыз қайық" – Өзбекстан атынан аталған фестивальға қатысып жатқан жалғыз фильм. Ол өзбек жазушысы Эркин Агзамның шығармасы негізінде түсірілген. Арал теңізі жағасында қайық жасайтын ұста жөнінде баяндалады. Қария көптеген жылдар бойы ауылдағы жұмыссыз жастарды қайық жасауға үйретіп келген, бірақ теңіз тартылғаннан кейін, оның қайықтары ешкімге керек болмай қалған.

"Мен фестивальға фильмнің түпнұсқасын жібергем. Шынымды айтсам, ол іріктеуден өтеді деп сенбедім. Фильмнің іріктеуден өткені жөнінде хат алдым. Бірақ кейін Лондондағы елшілігі мен Өзбек кинематография агенттігі фильмді шақыртып алғанын хабарлады", – дейді Туляхожаев.

Фильмнің сценарийі о баста кинематография агенттігінің бұрынғы басшылығы тарапынан көркемдік кеңестен өткен екен. Бірақ кейін басшылыққа Фирдавс Абдухаликов келгеннен кейін, фильмді көрсетуге тыйым салған.

"Агенттіктің жаңа басшылары фильмге өзгертулер енгізу керек екенін айтқан. Мен қарсылық білдіргем. Жақында халықаралық кинофестивальға жіберген едім, енді оны қайта шақыртып алыпты", – дейді режиссер.

Азия 360: Аральская пустыня
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:22:03 0:00

Лондондағы кинофестиваль ұйымдастырушылары "Жалғыз қайық" фильмінің авторлық құқығы Назим Туляхожаевта жоқ болғандықтан көрсетілімнен алынғанын жеткізді. Ал Өзбекстанның кинематография агенттігі фильмді көрсетуге рұқсатын бермепті.

XS
SM
MD
LG