Ссылки доступа

Зерттеу: Ресейде Лукашенко үшін 50 млн долларға резиденция салады


Лукашенконың Красная полянада салып жатқан жаңа резидениясының жоспары
Лукашенконың Красная полянада салып жатқан жаңа резидениясының жоспары

Беларусьтың бұрынғы күш құрылымдарының BELPOL бірлестігі мен "Белсат" телеарнасы "Лукашенконың ең үлкен ұрлығының тарихы" деп аталатын зерттеу фильмін жариялады.

Онда Лукашенко үшін Сочи маңында 50 миллион долларға жаңа резиденция құрылысы жүріп жатқаны туралы баяндалды.

Зерттеу мәліметінше, жаңа резиденция Красная поляна шипажай қыстағы аумағында, 97,2 мың шаршы метр жерде салынады. Ол жер 2013 жылдан бері Беларусьқа тиесілі.

BELPOL дерегіне сенсек, Красная полянадағы құрылысқа Виктор Шейман жетекшілік етеді. Ол кезінде президент істері басқармасын басқарған, 2021 жылы қызметтен кеткен. Шейман 1994 жылдан бері Лукашенкомен біоге жұмыс істеп келген.

"Зеркало" басылымының жазуынша, Александр Лукашенконың кем дегенде 17 резиденциясы бар. Шетелден келетін қонақтарды ол көбіне Тәуелсіздік сарайында қабылдайды, ал өзі Минск түбіндегі Острошицк қалашығында тұрады.

XS
SM
MD
LG