Ссылки доступа

Түркияда заңсыз тұратын түркімендердің туыстары түрік визасын ала алмай жүр


Стамбұл
Стамбұл

Түркіменстанда Лебап уәлаятының бірнеше тұрғыны түрік визасын ала алмай жүргенінен Азаттықтың Түркімен қызметіне хабарлады. Ашғабаттағы түрік елшілігі олардың туыстары Түркияда заңсыз жүргендіктен, бұл азаматтарға виза беруден бас тартқан.

Чарджаевтар отбасы бірнеше жыл бойы Түркияда тұрып, сонда жұмыс істеген. Алайда олардың биометрикалық паспортының мерзімі шығып, уақытша тұру мерзімін ұзарта алмай қалған. Бір жыл бұрын әйелі паспорт жасату үшін елге оралған, ал күйеуі жұмыстан шығып қалмас үшін Түркияда қалған.

«Күйеуім екеуміз Түркияда он жылға жуық уақыт тұрамыз. Пара беру арқылы жаңа паспорт алдым. Түркияға оралу үшін түрік визасына арыз бердім, бірақ олар бас тартты» дейді әйел.

Түркіменстанда экономикалық дағдарыс тереңдеген сайын азаматтардың дені шетелге жұмысқа кетіп жатыр. Олардың көбі Түркияда жұмыс істейді.

2007-2022 жылдар аралығында түркімен азаматтары отыз күн бойы Түркияда визасыз тұра алатын. Бірақ 2022 жылғы қыркүйекте Анкара Ашғабаттың өтінішімен түркіменстандықтарға визасыз жүйе енгізді. Содан бері Түркияда тұратын азаматтар шетел паспортын алуға қатысты түрлі қиындықтарға кезікті.

Оның үстіне Түркия билігі кейінгі жылдары заңсыз мигранттармен күресті күшейтті. Мәліметтерге қарағанда, Түркияда Түркіменстанның 112.081 азаматы заңсыз тұрып жатыр. Мамандар көрсеткіш бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтады.

XS
SM
MD
LG