Ссылки доступа

Ресей аумағында Азаттықтың тәжік қызметінің видео хабарлары бұғатталды 


Роскомнадзор Ресей аумағында "Украинская женская стража" қоғамдық ұйымының және Азаттықтың тәжік қызметінің видео хабарларын бұғаттаған. Бұл жөнінде "Роскомсвобода" жобасы хабарлады. 

"Украинская женская стража" – әйелдерге өзін өзі қорғануға үйрететін және соғыс жайлы айтатын қоғамдық ұйым. Роскомнадзор қоғамдық ұйым жариялаған Озоди радиосының (Азаттықтың тәжік қызметі) "Тәжік үкіметінің қарсыластары Украинаға неге барды?" деген видеосын бұғаттаған.

Осының алдында Роскомнадзор "Куәгерлер" жобасының Украинадағы соғыстың куәгерлері болған видеоны құлыптаған. Жоба бас редакторы Виктор Мучник материалдарды әлеуметтік желіден көруге болатынын жеткізді.

Роскомнадзор 26 наурызда Озоди радиосының орыстілді сайтын, сонымен бірге Азаттықтың қазақ қызметі мен түркімен қызметінің сайттарын да Ресей аумағында бұғаттаған.

XS
SM
MD
LG