Ссылки доступа

Ресей Украинаны камикадзе-дрондармен атқылады. Үш адам мерт болды


Ресей атқан дрон Киев облысындағы тұрғын үйлердің біріне құлады.
Ресей атқан дрон Киев облысындағы тұрғын үйлердің біріне құлады.

22 наурызға қараған түні Ресей Украинаны Shahed камикадзе-дрондармен атқылады. Шабуылдан үш бейбіт тұрғын қаза болды, жеті адам, оның ішінде 11 жастағы бала жараланды.

Украинаның Киев, Чернигов, Сумы, Полтава, Черкасск, Житомир және Хмельницкий облыстарында әуе дабылы қағылды. Аймақ басшылары әуе қорғанысы жүйесі іске қосылғанын хабарлады.

Киев облысы әскери әкімшілігінің мәліметінше, Ресей ұшырған әскери дрондардың бірі азаматтық нысанға түскен. Соның салдарынан үш адам қаза болып, жеті бейбіт тұрғын, соның ішінде 11 жастағы бала жараланған.

Украина әуе күштерінің қолбасшылығы Ресей 22 наурызға қараған түні Брянск облысы аумағынан Shahed-131/136 түріне жататын 21 камикадзе-дрон ұшырғанын хабарлады. Украина әуе қорғанысы жүйесі 16 дронды атып түсірген.

Бұның алдында CNN телеарнасы Иран Ресейге беріп жатқан әскери дрондарын жетілдірген болуы мүмкін деп хабарлаған. Телеарна мәліметінше, дронға жарылған уақытта жан-жаққа ұшатын ұсақ металлдар қосқан. Дронның мұндай түрі Украина инфрақұрылымының нысандарына нұқсан келтіріп жатыр.

Киев Мәскеуде Иранның Shahed-136 дрондарымен ааматтық және энергетикалық нысандарын атқылауға пайдаланады деп айыптады. Ресей жағы мұндай айыптауды жоққа шығарған. Алайда былтыр қазанда Ресей қорғаныс министрлігіне қарасты қоғамдық кеңес өкілі РБК телеарнасының тікелей эфирінде Иран қаруы қолданылғанын айтып қалды. Кейін Иран билігі Ресейге дрон бергенін мойындады.

XS
SM
MD
LG