Ссылки доступа

Ресей Тәжікстанның тағы бес азаматын еліне экстрадициялады


Ресейдің қауіпсіздік күштері Ванж ауданы Язгулом жамағатынан келген Тәжікстанның бес азаматын қамап, Душанбеге өткеріп берді.

Озоди радиосының атын атағысы келмеген дереккөзі 17 маусымда хабарлағандай, бесеуі де Андарбаг ауылының тұрғындары және "экстремистік ұйымға мүше" деп айыпталып жатыр. Олар мамыр айында ұсталып, өткен аптада Душанбеге жөнелтілген.

16 мамырда Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ванж ауданы Язгулом ауылының 30-дан астам тұрғынын "диверсия дайындады" деген күдікпен қамауға алған.

Язгулом – Таулы Бадахшанның Ауғанстанмен шектесетін ауылы.

XS
SM
MD
LG