Ссылки доступа

Ресей мен Украина тұтқын алмастырды


Обмен пленными, 13 июля 2022 года. Фото из телеграма Андрея Ермака

Ресей мен Украина тағы да тұтқын алмастырды. Екі жақ 20 адамнан берді. Бостандыққа шыққан украиндықтар арасында 14 жауынгер, жергілікті қорғаныс жасағының төрт өкілі, ұлттық ұланның бір жауынгері және бір теңізші бар. Бұл туралы Украина президентінің кеңесшісі Андрей Ермак хабарлады.

Олардың дені Донецк облысы Еленовка елді мекенінде, Запорожье мен Херсон облыстарында Ресей армия басып алған жерлерде тұтқында болған.

Ресей қорғаныс министрлігі тұтқын алмасқанын растады, бірақ қосымша мәлімет бермеді.

Тараптар соңғы рет 11 қазанда тұтқын алмасқан. Украин жағы сол кезде 32 адам мен Израиль азаматы Дмитрий Фиалканың сүйегін алған.

Бұның алдында Ресей мен Украина 22 қыркүйекте тұтқын алмастырған. Сол күні Киевке 215 адам тапсырылды, олардың арасында "Азов" батальонының жауынгерлері мен ресейшіл саясаткер Виктор Медведчук болды. Ресейге 55 адам қайтты. Түркия тұтқын алмасу ісіне арағайындық жасады.

XS
SM
MD
LG