Ссылки доступа

Красноярскіде 500-дей мигрант ұсталды. Орыс азаматтығы барлар әскерге шақырылды


Ресейде мигранттарға қарсы кезекті рейд жүргізіліп, Красноярск край базарында 520 адам ұсталған. Бұл жөнінде аймақтың ішкі істер бөлімі хабарлады.

Миграция ережелерін бұзды деген айыппен 24 адамға әкімшілік қаулы жазған. Рейдтер "Южный" және "Луч" базарларында өткен.

Ұсталғандардың 417-cі Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан барғандар. Кемінде жеті адам елден шығарылған.

92 адамның орыс азаматтығы бары анықталған. Оларды бірден әскери комиссариатқа жіберген.

XS
SM
MD
LG