Ссылки доступа

Ресей Өзбекстанда қуаты аз АЭС салуға ниетті


Ресей Өзбекстанда қуаты аз Атом электр станциясын салуды жоспарлап отыр. Тиісті келісімге екі елдің президенттері Владимир Путин мен Шавкат Мирзияев Ташкентте қол қойды.

Қазіргі уақытта Өзбекстанда және Орталық Азияның өзге елдерінде АЭС жоқ.

Құжатқа сәйкес, 2018 жылы қол қойылған үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізіледі. Онда екі блоктан тұратын АЭС салу жоспарланған. Енді қуаты 55 МВт болатын АЭС салады.

Екі елдің басшылары миграциялық әріптестік жөнінде де мәселе көтерді. Путин өзбекстандық мигранттарға әлеуметтік жағынан қорғалған тиісті еңбек жағдайын жасаймыз деп уәде берді.

Халықаралық зерттеулер Өзбекстанды санкциялық тізімге енген тауарларды Ресейге кіргізіп отырған негізгі ел деп атайды.

Жексенбі күні Путин екі күндік сапармен Ташкентке барған.

XS
SM
MD
LG