Ссылки доступа

Ресей Украина энергетика жүйесіне қатты соққы жасады


Ресей жұмаға қараған түні Украинаны тағы да зымырандармен атқылады. Елдің бүкіл аймағында әуе дабылы қағылды.

Украина энергетика министрі Герман Галущенконың айтуынша, бұл кейінгі уақытта украин энергетикасына жасалған ең ірі шабуыл. «Мақсат – бүлдіріп қана қоймай, былтырғыдай елдің энергетика жүйесінің жұмысын тұралатып тастауға талпыну. Өкінішке қарай, елдің түрлі аймақтарында генерация нысандары, тарату және бөлу жүйелері зардап шекті» деп жазды министр фейсбукте. Украинаның бірнеше өңірінде жарық сөніп қалған.

Галущенко Запорожье АЭС-ке электр энергиясын жеткізетін желілердің бірі соққы салдарынан істен шыққанын растады. «Мұндай жағдай өте қауіпті, апат жағдайы тууы мүмкін» деп мәлімдедім «Энергоатом» басшысы Пётр Котин.

Запороже облысы әскери әкімшілігінің басшысы Иван Федоровтың хабарлауынша, аймаққа 12 зымыран атылған. Инфрақұрылым нысандары, тұрғын үйлер қираған. Жараланған адамдар бар.

Кривой Рогта зымырандар мен дрондармен жасалған шабуылдардан маңызды инфрақұрылым нысандары зардап шекті, деп хабарлады қала басшысы Александр Вилкул. Ауруханалар мен инфрақұрылым нысандары генераторлармен жұмыс істеуге мәжбүр.

Харьковтегі энергетика нысандарына 15-тен астам соққы жасалған, деп хабарлады облыс басшысы Олег Синегубов. Бірнеше жерде жарылыстан өрт басталған. Қала толықтай жарықсыз, сусыз қалды.

ДнепроГЭС бқгеті мен гидроқұрылымдарына соққы жасалған. Станция өртенген, деп хабарлады "Укргидроэнерго".

Запорожьеде бір адам, Хмельницкіде екі адам өлгені хабарланды. Бірнеше адам із-түссіз жоғалған.

Украинаға түнде жасалған шабуылдарға «Шахед» типіне жататын 60-тан астам дрон, түрлі типтегі 90-ға жуық зымыран қолданған, деп мәлімдеді Украина президенті Владимир Зеленский.

XS
SM
MD
LG