Ссылки доступа

"Крокустағы" терактіге күдіктілерді "азғырған" телеграм-каналға тіркелген тәжік азаматы Ресейден шығарылады


Санкт-Петербургтың Приморье аудандық соты миграциялық заңдарды бұзды деп айыпталған тәжік азаматы Ахмад Файзулохонзодаға 5 мың рубль көлемінде айыппұл салып, оны елден шығару туралы шешім шығарды. Бұл жөнінде Петербург соттарының баспасөз хатшысы Дарья Лебедева мәлімдеді.

Оның сөзінше, Файзулохонзода "Ислам мемлекеті" террорлық тобы "Ресейде теракт жасау үшін" адамдарды азғырған деген телеграм-чатқа тіркелгені анықталған. "22 наурызда "Крокус Сити Холлдоғы" теракт жасаған адамдарды дәл осы канал арқылы азғырған", - деп жазды Лебедева.

Ақпаратқа қарағанда, Файзулохонзода Ресейге 2024 жылдың 19 қаңтарында барып, жұмыс істеу үшін патент алған.

22 наурызда "Крокус Сити Холл" концерт залында болған терактіден кемінде 143 адам қайтыс болып, 190-ға жуық адам жарақат алған.

XS
SM
MD
LG