2018 жылы Сохибназаров қарақшылық үшін жеті жарым жылға сотталған.
Тәжік азаматының Омск облысында түрме ауруханасында өзгелерді терроризмге үгіттеу, тәліптердің қызметіне араласуға шақырғаны айтылады.
Биыл мамыр айында Ресейдің сыртқы істер және әділет министрліктері Владимир Путинге Ресейде "Талибан" қозғалысы тыйым салынған ұйымдардың тізімінен шығарылуы мүмкін екенін білдірген.
Бұған пікір білдіріп жатып Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров тәліптерді "Ауғанстандағы қазіргі билік" деп атаған.
Ауғанстаннан АҚШ басында тұрған коалициялық күштер кетіп, тәліптер билікті басып алғаннан кейін Путин Мәскеу "Талибанды" террористік ұйымдардың қатарынан шығаруға жақындап қалғанын, бірақ алдымен мұндай қадамға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі баруы керек екенін айтқан.