Ссылки доступа

Ресейде Тәжікстан азаматы "Хизб ут-Тахрир" ісі бойынша жеті жылға сотталды


Ресейде Оңтүстік округтык әскери соты Тәжікстан азаматы Хайдарали Ашуровты "Хизб ут-Тахрир" ісі бойынша 7 жылға еркінен айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ол алғашқы үш жылын абақтыда, қалған мерзімін күшейтілген тәртіптегі колонияда өткізеді.

"ОВД-Инфо" мәліметі бойынша, ол террорлық ұйымның іс-әрекетіне қатысуға дайындау, террорлық және экстремистік әрекетке ашық шақыру бойынша кінәлі деп танылды.

Іс материалдарына сәйкес, ол 2020 жылдың 21 сәуірінде Ресейде тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" ұйымының қызметіне қатысуға дайындалып жүрген. Осы мақсатта 2021 жылы Хизб-ут-Тахрирдің бұрынғы мүшесіне көмек беруді сұраған.

2020 жылы ФСБ Ростов-на-Дону қаласында Орталық Азия елдерінің 13 азаматы ұсталғанын мәлімдеген.

"Коммерсант" ұсталғандар 24-58 жастағы ер адамдар екенін жазған.

XS
SM
MD
LG