Ақпаратқа қарағанда, Сангинмурод Мусофиров 24, Абубакр Сангчаров 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкіміне сәйкес, олар жаза мерзімінің алғашқы бес жылын кәдімгі абақтыда, қалған бөлігін қатал режимдегі колонияда өткізеді.
Қалған үш тәжік азаматына террорлық топтың ішіне қатысты деген айып тағылды. Ол бойынша Анваршо Авезов 18, Нурали Дустов 17 және Шахромжон Мусофиров 16 жылға сотталды. Бұдан бөлек олардың әрбірі 350 мың рубль көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Baza мәліметіне қарағанда, Сангчаров Ресейдің, қалғандары Тәжікстан азаматы. URA.RU сайты болса, сотталғандардың бәрі тәжік азаматы екенін жазады.
2021 жылы Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі арнайы операция кезінде Тәжікстанның 15 азаматы ұсталды деп мәлімдеген. Үш айдан кейін олардың оны еліне депортацияланып, бесеуі қамауға алынған.
Арнайы қызмет ұсталғандар Екатеринбургта "Талибанның" "бөлімшесін" құруға әрекет етіп, мақсаты - "басқа діндегі адамдарға қарсы теракт жасау" болғанын білдірген.
Бірақ It's My City басылымы күш құрылымындағы дереккөзіне сүйеніп, қамалғандардың "Талибанмен" еш қатысы жоқ екенін хабарлаған.