Осының алдында әлеуметтік желілерде бір топ жастар адамдарды сабап жатқан видео тараған.
Кремлшіл Readovka басылымының мәліметіне қарағанда, олар "шариғат күзетін" ұйымдастырып, шашын ұзын етіп өсірген не денесінде татуы бар ұлдарды және ашық киінген қыздарды сабаған. Телеграм-каналдар жазғандай, бұл топтың лидері Давлатали Зоиров. Ол Ресей азаматтығын 2023 жылы алған.
Кейін әлеуметтік желілерде Зоировтың кешірім сұраған видеосы жарияланды.
"Бар жақсы адамдардан кешірім сұраймын. Мен Ресей халқының намысына тиемін деп ойламадым. Мен Ресейде туып-өстім, оны шын жүректен жақсы көрем", - деді ол.
Тергеу комитеті "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.