Мәліметте қамауға алынған адамның аты-жөні көрсетілген емес, тек Ш.Тиллозода деп жазылған.
Тәжік азаматының қамауға алу өтінішімен сотқа Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) өтініш түсірген. Ол бойынша сот жабық өткен.
Әзірге Тиллозодаға тағылған айып бойынша кеңірек мәлімет жоқ.
"Холод" басылымының есебіне сәйкес, Ресейде 2023 жылдың қаңтарынан шілде айына дейін "мемлекетке сатқындық жасады" және "тыңшылық" баптары бойынша кемінде 82 қылмыстық іс қозғалған. Адвокат Евгений Смирновтың айтуынша, бұл баптар бойынша қозғалған қылмыстық істер одан да көп болуы мүмкін.
"Біз мониторинг жасап жатқан істердің көбі туралы соттардың сайттарында мәліметтер жоқ. Азаматтың қамалғаны туралы 2-3 айдан кейін ғана белгілі болады. Шын мәнінде мұндай істер бір жарым, екі есеге көп болады деп ойлаймын", - деді ол.
Смирновтің сөзінше, Ресейде "тыңшылық" бабы бойынша орта есеппен айына 20-дан астам қылмыстық іс қозғалады.