Ссылки доступа

Ресей үкіметі 1 наурыздан бастап бензин экспорттауға тыйым салады


Ресейдің бензин экспорттауға шектеуі жарты жылға созылады, бірақ оның Еуразия экономикалық одағына мүше елдермен, Моңғолстан, Өзбекстан, Абхазия және Оңтүстік Осетиямен бұған дейін жасалған келісімдерге қатысы жоқ.

Бұл туралы РБК мен "Интерфакс" жазды.

Бензин экспортына уақытша тыйым салуды вице-премьер Александр Новак ұсынды. Оның айтуынша, ішкі нарықта жақында жанармайға сұраныс артады. Ол көктемгі егістікке, мұнай өңдеу зауыттарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына, сонымен бірге жазғы демалыстарға байланысты.

Ал дизель сату көрсеткіші биржада 16 дейін ұлғайтылады.

Энергетика министрі Николай Шульгинов 20 ақпанда мұнай өңдейтін бірнеше зауытта жоспардан тыс жөндеу жұмыстары болатынын ақпанда ескерткен.

Азаттық радиосы бензин экспортына тыйым салу жөніндегі шешімді украин армиясының мұнай өңдеу зауыттарына жасаған шабуылдарымен байланыстырып отыр. Зауыттар ақауларды батыс санкцияларының шектеулерінен тез жөндей алмай отыр. Қаңтар-ақпан айларында Ресейдегі төрт мұнай өңдеуші зауыт украин дрондарының шабуылдарынан зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG