Ссылки доступа

Ресей әскері Украинаның Харьков облысынан кетіп жатыр


Купянск
Купянск

Ресей әскері Украинаның Харьков облысындағы шекаралас аудандарды тастап кетіп жатыр. Бұл туралы жексенбі күні телеграм-арналар әскерилер мен жергілікті тұрғындарға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Әскер Волчанск қаласын тастап кетті. Бұның алдында жергілікті әкімдік ғимаратында ілініп тұрған ресейлік ту қоқыс жәшігіне тасталғаны туралы видео жарияланды.

Шекарадағы Казачья Лопань қыстағында украин туы желберіп тұр. Әлеуметтік желілерде оның суреттері жарияланды.

Ресей Қорғаныс министрлігінің жексенбілік брифингі кезінде көрсетілген картада шекаралас аудандар Украина бақылауында екені анық көрінді. Әскер бұл аудандарды тастап кеткені туралы ресми түрде хабарланған жоқ.

Ресей бұл аудандарды соғыссыз тастап кеткен, өйткені украин әскері Харьковтан оңтүстік-шығыс жақта шабуылға көшіп, соның нәтижесінде Балаклея, Изюм және Купянскіден ресейлік әскерді ығыстырып шығарды.

Ендігі ұрыс Ресей-Украина шекарасында және Оскол өзені бойында жүріп жатыр. Харьков облысында өзеннің шығыс жағындағы шақын аймақ Ресей бақылауында қалды. Майдан Харьковтан шегінді.

Украина шабуылы 6 қыркүйекте басталды. Украина Қарулы күштерінің қолбасшысы Валерий Залужныйдың айтуынша, украин жауынгерлері 3 мың шаршы шағырымға жуық аймақты кері қайтарды. Бұның алдында Украина президенті Владимир Зеленский 2 мың шақырымды қайтарғанын мәлімдеген.

Ресей қорғаныс министрлігі әскердің Балаклея мен Изюмнен шығарылуын "орын ауыстыру" деп түсіндірген.

Шекаралас Белогородск облысының губернаторы Вячеслав Гладковтың мәлімдеуінше, кейінгі тәуліктерде Ресейге қарай мыңдаған адам өткен. Оның айтуынша, мыңнан астам адам уақытқа қоныс орталықтарына тұрақтады. Бұның алдында шекарада кезек көбейгені хабарланған.

XS
SM
MD
LG