Ссылки доступа

Ресей соты ауған журналисін депортациялау шешімін жойды


Кобра Хассани
Кобра Хассани

Санкт-Петербургте сот ауғанстандық журналист Кобра Хассаниді депортациялау туралы шешімді жойды. Бұл туралы "Ротонда" басылымы хабарлады.

Сот шешімінде "Хассаниді депортациялау оның құқықтары мен бостандығын шектейді" деп жазылған.

13 ақпанда сот Хассаниді Ресейдің шекарасынан заңсыз өтті деп танылып, екі жылға түрме жазасына кесілген. Бірақ оның тергеу абақтысында отырған күндері есепке алынып, бостандыққа шыққан.

Кобра Хассани Ауғанстаннан 2021 жылы, билікке тәліптер келгеннен кейін қашып кеткен. Ол феминистік көзқарасы үшін және журналистік қызметіне байланысты өлімге кесілуі мүмкін екенін айтып келген.

Хассани біраз уақыт Украинада тұрды. Кейін ол жақта соғыс басталғаннан кейін Еуропаға жөнелтеміз деген адамдар арқылы Ресей аймағына заңсыз өтіп кеткен. 2022 жылдың мамыр айында Ресейден кетуге әрекет еткен Ауғанстанның 12 азаматымен бірге Санкт-Петербург портында ұсталған.

Ол осыған дейін Ресейден босқын мәртебесін беруді сұраған. Бірақ сот оны қабылдамай, елден шығару жөнінде шешім шығарған.

XS
SM
MD
LG