Ссылки доступа

Ресей Мариупольды қалпына келтіру жұмысына студенттерді тартпақ 


Ресей үкіметі Украина аумағындағы орыс армиясы басып алған Мариуполь елді мекенін қалпына келтіру жұмысына студенттерді тартады. Осылай деп Ресей үкіметінің вице-премьері Татьяна Голикова мәлімдеді. 

Оның сөзінше, биыл жазды Ресейдің студенттер отряды (РСО) Мариупольдағы инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жұмысына қатысады. "Биыл жазда сіздерге жаңа мүмкіндіктер ашылады. Берілген тапсырманы орындай аласыздар деген сенімдемін", - деді вице-премьер.

Ол осыған дейін студенттер Донецк облысындағы "Саур-Могила" кешенін қалпына келтіру жұмысына қатысқанын айтты.

"Досье" зерттеу орталығының мәліметінше, оккупацияланған аймақты қалпына келтіру жұмысымен "Әскери-құрылыс компаниясы" жүзеге асырады. Бұл компания Ресейдің қорғаныс министрлігіне қарайды. Онымен тікелей қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Иванов бақылайды.

"Досье" журналистері анықтағандай, қалпына келтіру жұмыстарына бөлінген бюджет үш есе көп. "Шенеуніктер өздері бақылайтын құрылыс компаниясына мемлекеттік бюджеттен қыруар ақша тартып, одан сайын байып жатыр", - деп жазады "Досье". Атап айтқанда экс-сенатор Александр Тер-Аванесовтың "Олимпситистрой" компаниясы арқылы Тимур Иванов өзіне қажетті қаржыны алып отыр.

Сонымен бірге Мариупольді қалпына келтіру жұмысымен "Р-Строй" компаниясы айналысып жатыр. Оның артында миллиардер, "Р-Фарм" компаниясының негізін қалаушы Алексей Репик тұр.

Мариупольды былтыр мамыр айында орыс армиясы басып алған. Украина президенті Владимир Зеленский тек Украина емес, Еуропадағы ең үлкен қаланың 95 пайызы қирады деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG