Орталық банк басқармасының 21 шілдедегі отырысында шетелден Өзбекстанға көптеп ақша аударылып жатқаны айтылды. Олардың 95 пайызы Ресейден аударылған.
Кейінгі айларда әлеуметтік желілерде Өзбекстанға Ресейден рубль ағылып, елден доллар көптеп шығарылып жатқаны туралы пікірілер жиі айтылды. Орталық банк мұны жоққа шығарып отыр. Алты айда шетелден елге 199 миллион доллардың рублі аударылған, соның 87 пайызы суммен түскен.
Ішкі нарықта 5,6 миллиард доллардың шетел валютасы сатылған. Орталық банк мамандарының пікірінше, ақша аударымдарудың айналма жолдары қысқарып келеді, өйткені Ресейде шектеу көбейгендіктен мигранттар ақша ресми арналармен аудары жөн деп санайды.
Ресей Украинаға басып кірген соң Өзбекстанда резидент еместер банк есептерін көптеп аша бастаған. Атап айтқанда, биылғы алты айда осындай 169 мың банк есебі ашылған. Олардың дені Ресей, Украина және Беларусь елдерінің уақытша мигранттарының үлесіне тиесілі.