Ссылки доступа

Ресей басқыншылығы басталғалы Украинада 483 бала мерт болған


Ресейдің зымыранмен шабуылынан опат болған екі баланы жерлеу рәсімі. Умань, 30 сәуір, 2023 жыл
Ресейдің зымыранмен шабуылынан опат болған екі баланы жерлеу рәсімі. Умань, 30 сәуір, 2023 жыл

Ресей басқыншылықы басталғалы бері Украинада 483 өліп, 989 бала жараланған. Бұл туралы украин бас прокуратурасы хабарлады.

Донецк, Харьков және Херсон облыстарында балалар көп зардап шеккен.

"Жәбір көргендер бұдан да көп болуы мүмкін. Кескілескен ұрыс жүріп жатқан, уақытқа басып алынған және басқыншылардан азат етілген аудандарда зардап шеккендерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр" деп хабарлады прокуратура.

БҰҰ мәліметінше, 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап 2023 жылғы 8 мамырға дейінгі аралықта Украинада 8791 бейбіт тұрғын опат болған, 14 815 адам жараланған. Олардың басым бөлігі жарықшағы ұзаққа ұшатын жарылғыш қарулардың құрбаны болған. Ұйым зардап шеккендер әлдеқайда көп болуы мүмкін деп отыр.

XS
SM
MD
LG